Шанхай ынтымақтастығы ұйымы аймақтық антитеррорлық құрылымының жетекшісі Касымовтың Қазақстанға таққан айыбы ұйымның беделіне нұқсан келтіреді - ҚР СІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шанхай ынтымақтастығы ұйымы аймақтық антитеррорлық құрылымының жетекшісі Касымовтың Қазақстанға таққан айыбы ұйымның беделіне нұқсан келтіреді - ҚР СІМ

Шанхай ынтымақтастығы ұйымы аймақтық антитеррорлық құрылымының жетекшісі Касымовтың Қазақстанға таққан айыбы ұйымның беделіне нұқсан келтіреді - ҚР СІМ

Шанхай ынтымақтастығы ұйымы аймақтық антитеррорлық құрылымының жетекшісі Вячеслав Касымовтың 2005-жылғы 7-ақпанда Ресейдің "Независимая газета" басылымына берген сұхбатында Қазақстанға таққан айыбы "ірі халықаралық ұйымның құрылым жетекшісінің мәртебесіне мүлдем сай келмеумен бірге Шанхай ынтымақтастығы ұйымының беделі мен ұстанымдарына нұқсан келтіреді". Бұл туралы бүгін, 9-ақпанда ҚР СІМ таратқан мәлімдемеде айтылған.

  • 9 Ақпан 2005
  • 794
Фото - Caravan.kz

Қазақстан В.Касымовтың ой-тұжырымдарын алаңдаушылықпен қабыл алды, делінген мәлімдемеде. «Аталмыш халықаралық шенеунік елімізде «бен Ладендер әулетіне» қарасты фирмалар сатып алған жерлер де бар» деп мәлімдеу арқылы іс жүзінде Қазақстанды лаңкестерді жасырып отыр деп айыптайды»,- делінген сыртқы саясат мекемесінің мәлімдемесінде.

«Қазақстан — халықаралық лаңкестік атты ғаламдық қауіп-қатерге қарсы күш біріктіріп ұжымдаса күресуді дәйекті қолдайтын ел және осы салада пайда болған барлық тауқыметтерді мейлі халықарлық ұйымдар аясында болмасын, мейлі екі жақты деңгейде болмасын тек қана әріптестік, өзара түсіністік және іскерлік ынтымақтастық рухында шешу қажет деп санайды».
2005-жылғы 26-қаңтарда Алматыда өткен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің контртеррорлық комитетінің арнайы отырысында сөз сөйлеген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміз БҰҰ-ның басқаруымен халықаралық лаңкестікке қарсы күрестің біртұтас құқықтық негізін қалайтын 12 халықаралық конвенцияға біріккенін атап өтті, делінген мәлімдемеде.
Қазақстанның ұлттық заңнамалары халықаралық талаптарға сәйкестендіріліп, парламентте экстремизмге қарсы күрес туралызаң жобасы қаралуда. ҚР Жоғарғы соты еліміз аумағында төрт террорлық ұйымның іс-қызметіне тыйым салды. Қазақстандық тиісті мекемелер Шанхай ынтымақтастығы ұйымы мен Орта Азиялық ынтымақтастық ұйымдарының шеңберінде лаңкестік ұйымдардың тізімін жасаумен айналысып жатыр. Елімізде антитеррорлық орталық құрылып, осы бағыттағы халықараылқ және аймақтық құрылымдармен ынтымақтаса жұмыс істеуде. Лаңкестік ұйымдарды қаржыландыруға және арам ақшаны айналымға енгізуге қарсы күрес жүйесі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шешімдеріне сәйкес жолға қойылды. Қазақстан аумағында лаңкестрді дайындауға бағытталған база немесе лагерьлер ешқашан болған емес және ондайлар жоқ, делінген СІМ-нің құжатында.
Жоғарыда аталған жайттарға байланысты ҚР СІМ Шанхай ынтымақтастығы ұйымы аймақтық антитеррорлық құрылымының жетекшісі Касымовтың Қазақстанға таққан айыбы ұйымға мүше елдердің мемлекет басшылары қол қойған негізгі құжат тәртіптеріне мүлдем қарама-қайшы, орынсыз әрі кереғар пікір деп санайды.