Қалың қарға байланысты еліміздің оңтүстік өңірлерінде қалыптасқан ахуал тұрақтана бастады - ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қалың қарға байланысты еліміздің оңтүстік өңірлерінде қалыптасқан ахуал тұрақтана бастады - ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі

Қалың қарға байланысты еліміздің оңтүстік өңірлерінде қалыптасқан ахуал тұрақтана бастады - ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі

Қалың қарға байланысты Жамбыл облысында қалыптасқан ахуал тұрақтана бастады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 10 Ақпан 2005
  • 445
Фото - Caravan.kz

Дегенмен Жуалы және Сарысу аудандарындағы ахуал күрделі қалпында қалып отыр. 27 елді мекен және 161 малшы қыстауларымен көлік қатынасы үзілген.

ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің мәліметіне сәйкес, Құйық және Қордай асулары ашық тұр, қозғалысты реттеу үшін Айша бибі елді мекенінде көлік тұрақтары ашылған, жолды бойлай қарға қамалғандар жоқ.
Облыста республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарды қардан тазарту және жол үстіне құм себу, азық-түлік және жем-шөп жеткізу, дәрігерлік көмек көрсету және науқастарды дәрігерлік мекемелерге жеткізу, үйлер мен әкімшілік ғимараттардың ауласын қардан тазарту жұмыстары жалғасуда.
Қардың залал-зардабын жою жұмыстарына 17 мың адам мен 639 техника жұмылдырылған.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы ахуал да тұрақтана бастады. 9-ақпан, 19 сағаттағы жағдаймен республикалық маңызды барлық жолдар мен Қазығұрт, Машат және Шақпақ баба асулары ашық тұр. Созақ және Бәйдібек аудандары мен Кентау қаласында жолдарды қардан тазарту жұмыстары жалғасуда. Одаман-Бұлақ және Таскөмірсай асулары арқылы өтетін көлік қозғалысы доғарылған жоқ.
Отырар ауданындағы Ешкіқара елді мекенінің маңында Сырдариядағы мұзды жару жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі жағдаймен 700 метр аумақтағы мұз жарылды. 9-ақпанда бұл өңірге байланыс орнату және жарылыстарды жүзеге асыру үшін облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының шұғыл тобы қосымша жіберілді. Мұндағы ахуалды облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы жіті қадағалауда.

Перейти к новостям спорта