Алматы қалалық соты "Қазақстанның демократиялық таңдауы" партиясын тарату туралы экономикалық соттың шешіміне қарсы түсірген арызын қанағаттандырмады - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қалалық соты "Қазақстанның демократиялық таңдауы" партиясын тарату туралы экономикалық соттың шешіміне қарсы түсірген арызын қанағаттандырмады

Алматы қалалық соты "Қазақстанның демократиялық таңдауы" партиясын тарату туралы экономикалық соттың шешіміне қарсы түсірген арызын қанағаттандырмады

Алматы қалалық сотының аппеляциялық алқасы Алматы қалалық мамандандырылған экономикалық сотының "Қазақстанның демократиялық таңдауы" Халықтық партиясын мәжбүрлі тарату туралы шешімін өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Қазақстанның демократиялық таңдауы" партиясын қорғаушы, Адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюроның Қазақстандық өкілдігінің директоры Евгений Жовтис хабарлады.

  • 10 Ақпан 2005
  • 685
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 6-қаңтарда Алматы қалалық мамандандырылған экономикалық соты «Қазақстанның демократиялық таңдауы» Халықтық партиясын тарату туралы шешім шығарды. Сот мәжілісіне «Қазақстанның демократиялық таңдауы» партиясының басшылығы келмегендіктен, процесс сырттай жүргізілді. Алматы қалалық прокуратурасының атап көрсетуінше, «Қазақстанның демократиялық таңдауы» халықтық партиясы» қоғамдық бірлестігінің 2004-жылғы 11-желтоқсанда өткен екінші құрылтайында саяси мәлімдеме қабылданып, онда партия қазіргі билікті халыққа қарсы бағытталған заңсыз билік деп танитынын, сол себепті әкімдер мен соттардың шешіміне мойынсұнбайтынын мәлімдеп, қоғамды батыл қадамдарға, бағынбаушылыққа үндеген.

«Азаматтарды мойынсұнбауға шақыру арқылы ҚДТ мемлекеттің басқарушылық қабілетін нашарлату жолымен Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіруде. Бұл әрекет саяси экстремизмге жатады»,-делінген прокуратураның пікірінде.
17-қаңтарда «Қазақстанның демократиялық таңдауы» халықтық партиясы қоғамдық бірлестіктің жетекшісі Асылбек Қожахметов сырқаттанып қалғандықтан сырттай шешім шығару негізсіз деп мәлімдеп, экономикалық сотқа арызданған. Алайда, сот бұл шағымды қараудан бас тартты.
9-ақпанда Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі аппеляциялық алқасы судья Марат Нұрбековтың төрағалық етуімен «Қазақстанның демократиялық таңдауы» партиясының үш арызын қарады. Атап айтсақ, бірінші инстанциялық соттың істі басқа сотқа ауыстырудан бас тарту туралы шешіміне қарсы жеке арыз, А.Қожахметовтың ауырғанын куәландыратын құжаттардың ақиқаттығына қатысты сот шешіміне қарсы жеке шағым мен жалпы бірінші инстанциялы соттың сырттай шығарған шешіміне қарсы аппеляциялық шағымдар қаралды.
Аппеляциялық алқа «Қазақстанның демократиялық таңдауы» партиясының үш арызын да қанағаттандырмай, экономикалық соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Перейти к новостям спорта