Талдықорған орталығындағы "Шаған" базары жабылады - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талдықорған орталығындағы "Шаған" базары жабылады

Талдықорған орталығындағы "Шаған" базары жабылады

Алдағы күндері Талдықорған орталығындағы "Шаған" базары Алматы облыстық ауданаралық экономикалық сотының базар іс-қызметін уақытша тоқтату туралы шешімімен жабылады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық СЭС-тің тағам гигиенасы бөлімінен хабарлады.

  • 10 Ақпан 2005
  • 789
Фото - Caravan.kz

Бұл базардың жұмысы осымен бірінші рет жабылып отырған жоқ. «Соңғы үш жыл бойы базарды пайдалануға қатысты СЭС тарапынан айтылып келе жатқан сын бір сарында. Атап айтар болсақ, сауда жаймалары өндірістен шықпаған, бұрын пайдаланылған құрылыс материалдарынан жасалған, жаймалар күн сайын жуылмайды, сөрелердің арасындаы базар аумағына асфальт төселмеген. Сонымен бірге базар аумағындағы қоқыс уақытылы шығарылмайды, жеміс-жидек және көкөніс өнімдерінің құрамындағы нираттар мен улы химикаттарды анықтайтын зертхана салынбаған»,- дейді СЭС мамандары.

Сонымен бірге орталық базарда ет сататын павильонда тазалық талаптары бұзылуда. Балық сататын павильон туралы мемлекеттік қабылдау комиссиясының қорытындысы жоқ.
Барлық заң талаптары орындалмайынша базар ашылмайды дейді СЭС.

Перейти к новостям спорта