Өз сөзінде Қ.Көшербаев Қазақстан-Ресей қарым-қатынасының қазіргі ахуалына шолу талдама жасап, Қазақстан экономикасын реформалауға қатысты өзекті мәселелерге кеңінен тоқталып, Қазақстанның сыртқы саясатының басты бағыттары туралы әңгімелеп берді.
«Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жасалған 2015-жылға дейінгі индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру үшін Қазақстанға экономика, ғылым мен техниканың түрлі салаларында жоғары кәсіби білікті мамандар қажет. Сол себепті біз Қазақстан жастарын Ресейдің таңдаулы жоғары оқу орындарында оқытуға үлкен үміт артып отырмыз»,- деді елші.
Елші сонымен бірге кездесуге қатысушылардың көптеген сауалдарына жауап берді. Кездесуге қатысушылар Қазақстандағы мемлекеттік қызмет реформасы, зейнетақы қамтамасыздығы, тұрғын үй құрылысы, екі жақты және халықаралық өзекті проблемалар бойынша Қазақстанның ұстаным ерекшеліктеріне айрықша қызығушылық танытты.