Алматы қалалық мәслихаты 2007-жылға дейін аулаларды көркейту туралы бағдарламаны қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қалалық мәслихаты 2007-жылға дейін аулаларды көркейту туралы бағдарламаны қабылдады

Алматы қалалық мәслихаты 2007-жылға дейін аулаларды көркейту туралы бағдарламаны қабылдады

Алматы қалалық мәслихаты "Алматы аулалары" деп аталатын қаланы көркейту және әлеуметтік дамыту жөніндегі 2005-2007-жылдарға арналған бағдарламаны қабылдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 10 Ақпан 2005
  • 510
Фото - Caravan.kz

Алматыда көп пәтерлі 7137 тұрғын үй орналасқан 2476 аулалық аумақтар бар. Оларға Пәтер иелерінің кооперативтері секілді 728 ұйым қызмет көрсетеді. Пәтер иелерінің кооперативтері іске кіріскеннен бері аулалық аумақтардың 40 проценті тәртіпке келтіріліп, балалар ойнайтын алаңдар салынып, спорт алаңдары қалпына келтіріліп, жолдардың ойдым-шұңқырлары бітеліп, аумақтар көгалдандырылды.

Алайда, Пәтер иелері кооперативтерінің қолы қысқалығына байланысты аулалық аумақтардың ахуалы қанағаттанарлық болмай отыр. Аулаларды қалпына келтіру үшін мемлекеттің қолдауы қажет, делінген бағдарламаның мәтінінде.
Бағдарлама қаланың ересек тұрғындарының демалуына қолайлы жағдайлар жасау, балалар мен жасөспірімдердің белсенді көңіл көтеруіне мүмкіндік тудыру мақсатын көздейді. Ол үшін аулаларды балалар ойнайтын алаңдармен, спорт алаңдарымен, контейнер және көрпе-жастық кептіретін алаңдармен қамтамасыз етіп, аулаларды жарықпен қамтамасыз ету, оларды жарықтандыру, аула аясындағы жолдарды қалпына келтіру, автотұрақтар орнату қажет.
Балалар ойнайтын алаңның стандартты жиынтығына екі-екі алтыбақан мен тербелме, швед турнигі, төбешік, құмсалғыш, үй кіреберістерінің санына қарай орындықтар енеді. Ал спорт алаңында арнайы бағандары мен сауыттары бар волейбол және баскетбол ойнайтын алаңдар, теннис ойнайтын үстел, футбол қақпасы болуға тиіс. Осындай алаңдары бар стандартты ауланың бағасы 386,4 мың теңгеге тең.
Бағдарламаны жүзеге асыруға 6,196 млрд. теңге қажет. Бағдарлама Алматы қалалық бюджетінен қаржыландырылумен бірге сырттан тартылған қаржы мен несие қаржысына, сондай-ақ, тұрғындардың қаржысына жүзеге асырылады деп күтілуде. Бағдарлама 2005-жылдың бірінші тоқсанында жүзеге асырыла бастайды.

Перейти к новостям спорта