Елшіліктің ақпаратына сәйкес, Д.Ахметов Венгрияға 13-ақпанда ұшып келген. Екі күндік жұмыс сапары барысында Қазақстан үкімет басшысы Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің іскерлік өкілдерімен, сондай-ақ, Венгрия президенті Ференц Мадл мырзамен кездеседі. 14-ақпанда Д.Ахметов Люксембург үкімет басшысы Жан Клод Юнкермен жүздеседі деп жоспарланған.
Ал ертең 15-ақпанда Қазақстан үкімет басшысы Халықаралық еңбек ұйымының ХІІ аймақтық конференциясының ашылуына қатысып, аталмыш халықаралық ұйымның басшысы Хуан Сомавиямен кездеседі. Сол күні Д.Ахметов Венгрия үкімет басшысы Ференц Дюрчанмен жүздеседі.
15-ақпан күні кешке Д.Ахметов елге оралады.