Ал кеніштегі сұйық көмірсутегі шикізатын өндіру мөлшері 7,6 млн. тоннаны құрап, 2003-жылғымен салыстырғанда 1,9 млн. тоннаға (35 процент) өсті.
Батыс Қазақстан облысында орналасқан Қарашығанақ кеніші дүниежүзіндегі ең ірі мұнайгаз конденсаты кеніштерінің бірі болып табылады. Ол 280 шаршы шақырым алаңды иемденеді. Кеніштегі мұнай және конденсат қоры 1,2 млрд. тоннаны, газ қоры 1,35 трлн. текше метрді құрайды.
Кенішті Ұлыбританияның Би-Джи групп және Италияның Эни компаниялары тең 32,5 проценттік үлеспен, сондай-ақ, АҚШ-тың ШевронТексако компаниясы 20 проценттік үлеспен, Ресейдің Лукойл компаниясы 15 проценттік үлеспен игеруде. Қарашығанақ жобасын жүзеге асыру үшін осынау халықаралық компаниялар «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» (КПО) консорциумына біріккен.
КПО Қазақстан үкіметі мен халықаралық консорциумға мүше әріптестер арасында 1997-жылдың қараша айында қол қойылған өзара өнім бөлісу туралы ақырғы келісімге сәйкес жұмыс жүргізеді. Келісім шарты бойынша КПО Қарашығанақ жобасын 2038-жылға дейін басқаруы тиіс.