ҚР үкімет басшысы Венгрияның MOL мұнай компаниясының басшылығымен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР үкімет басшысы Венгрияның MOL мұнай компаниясының басшылығымен кездесті

ҚР үкімет басшысы Венгрияның MOL мұнай компаниясының басшылығымен кездесті

14-ақпан, дүйсенбіде Будапешт қаласында ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің іскертоп өкілдерімен кездесу аясында Венгрияның MOL мұнай компаниясының басшылығымен келіссөздер жүргізді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Орталық және Шығыс Еуропа елдеріндегі Қазақстан елшілігінен хабарлады.

  • 15 Ақпан 2005
  • 389
Фото - Caravan.kz

Елшіліктің хабарлауынша, кездесу барысында MOL мұнай компаниясының «ҚазМұнайГаз» ҰК»АҚ-ның жобаларына қатысу мүмкіндігі талқыланды.

Бүгін, 15-ақпанда Венгрияға жасаған жұмыс сапары аясында ҚР Үкімет басшысы Даниал Ахметов Будапешт қаласында Халықаралық еңбек ұйымының ХІІ аймақтық конференциясының ашылуына қатысып, аталмыш халықаралық ұйымның басшысы Хуан Сомавиямен кездеседі. Сондай-ақ, Д.Ахметов Венгрия үкімет басшысы Ференц Дюрчанмен жүздеседі.
15-ақпан күні кешке Д.Ахметов елге оралады.
Венгрияға жұмыс сапарына үкімет басшысы өзімен бірге Қазақстанның Орталық және Шығыс Еуропа елдеріндегі елшісі Сағынбек Тұрсынов, ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Гүлжан Қарағұсова, ҚР индустрия және сауда министрі Әсет Есекешевті ертіп жүр.

Перейти к новостям спорта