В.Голдиннің айтуынша, компания басшылығы 2005-жылдың 7-ақпанында хабарлама тарату арқылы «КаР-Тел» ЖШС акцияларының миноритар үлесін сатуға деген ықыласын тағы бір дәлелдеді. Вице-президент қай елдің қандай компанияларымен келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтудан бас тартқанымен, «Вымпелком» «КаР-Тел» ЖШС акцияларының бақылау қоржынын сақтап қалу үшін 50% минус бір акцияны сатуға ниеті бар деген ақпаратты растады. «Келіссөздердің нақты аяқталу мерзімі белгісіз»,- деді В.Голдин.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Вымпелком» ААҚ-ның бас директоры Александр Изосимовтың айтуына қарағанда, компания Қазақстандағы бір әріптесімен акцияларды 175 млн. долларға сату туралы келіссөздер жүрізуде. Бұл кәсіпорынды сатып алу құнының 50 процентіне тең.
В.Голдиннің хабарлауынша, 2005-жылғы 31-қаңтардағы жағдаймен Қазақстанда K-mobile және Exess абоненттерінің саны «Вымпелком» ААҚ кәсіпорынды сатып алған 2004-жылғы қыркүйек айындағы 645 мыңмен салыстырғанда 995 мың адамды құрады. Сөйтіп қазір компания еліміздегі ұялы байланыс рыногында 31 процент үлес иемденуде.