Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының жетекшісі мен Қазақстан сенатының спикері ынтымақтастық туралы талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының жетекшісі мен Қазақстан сенатының спикері ынтымақтастық туралы талқылады

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының жетекшісі мен Қазақстан сенатының спикері ынтымақтастық туралы талқылады

Бүгін, 15-ақпанда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының қазіргі жетекшісі Димитрий Рупель мен ҚР парламенті сенатының спикері Нұртай Әбіқаев Қазақстан мен ұйым арасындағы ынтымақтастық және осынау халықаралық ұйымды реформалау мәселелерін талқылады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 15 Ақпан 2005
  • 376
Фото - Caravan.kz

«Қазіргі жағдаймен біздің ортақ жауларымыз — лаңкестік, экономикалық және экологиялық тауқыметтер, табиғ апаттар мен тиімсіз мемлекеттік басқару тәжірибесі болмақ. Біз бүгінде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы сынды ұйымдардың іс-қызметінің маңызы арта түскен кезеңге тап келіп отырмыз»,- деді Д.Рупель.

Ол Қазақстанда лаңкестікке қарсы күрес және адам құқығы салаларында жүзеге асырылған «кейбір реформаларға риза болғанын» атап өтті. Сонымен бірге Д.Рупельдің айтуынша, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына мүше елдер Қазақстан үкіметінің сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге бағытталған күш-жігерін жіті қадағалауда.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының жетекшісі Қазақстан басшылығының өлім жазасына мораторий жариялау тәртібін енгізу туралы шешімін қолдай отырып, «бұл шешім болашақта өлім жазасын біржола алып тастауға алып келеді» дегенге сенім білдірді. Ол сондай-ақ «экологиялық қауіпсіздік, соның ішінде су ресурстары мен ауыз су сапасының төмендігіне, қалалардағы ауаның ластануы және радиоактивті қалдықтарды көмуге қатысты мәселелер бойынша» ұйымның Қазақстанмен ынтымақтасуға пейіл екенін жеткізді.
Д.Рупельдің айтуынша, сенат жетекшісімен кездесу барысында бұған қоса 2004-жылғы күзде өткен парламент сайлауына қатысты Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының ескертулері де сарапқа салынды. «Біз бірнеше конструктивті ұсыныстар жасадық. Олардың бірі — үкіметке қуатты оппозиция қажет дегенге саяды. Сонымен бірге біз бұқаралық ақпарат құралдарының бостандығына қатысты жаңа заң қабылдау мүмкіндігі жайында сөз қозғай отырып, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы тарапынан бұл заңды жобалауға өзіндік үлес қосуға ниет білдірдік»,- деді Д.Рупель.

Перейти к новостям спорта