Алматыда 6,2 мың адам қоғамдық жұмыстарға жұмылдырылады - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 6,2 мың адам қоғамдық жұмыстарға жұмылдырылады

Алматыда 6,2 мың адам қоғамдық жұмыстарға жұмылдырылады

Алматы қалалық әкімшілігі жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға тартуға квота белгіледі. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қалалық әкімшілігінен хабарлады.

  • 16 Ақпан 2005
  • 378
Фото - Caravan.kz

Қала әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың қаулысына сәйкес, жұмыссыздар аумақтарды тазалау, жол салу және жөндеу, қаланы көріктендіру және көгалдандыру жұмыстарына тарту үшін тұрғын-үй -коммуналдық шаруашылық ұйымдарына жіберіледі. Сонымен бірге жұмыссыздар қарттар мен мүгедектерге қолғабыс көрсету, балалармен жұмыстар жүргізу тәртізді әлеуметтік проблемаларды шешумен айналысатын қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдарға жәрдемдесетін болады. Бұған қоса олар ерікті халық дружиналары ретінде Алматы полициясына, көші-қон полициясына, қорғаныс істері жөніндегі басқарма мен жергілікті өзін-өзі барқару комитетіне көмек көрсетеді.

Қоғамдық жұмыстарға барлығы 6200 адам тартылады. Осы қаулымен сондай-ақ қоғамдық жұмыстарға тартылатын адамдардың еңбекақысы ең төменгі 1,5 айлық жалақы көлемінде белгіленді.

Перейти к новостям спорта