Семейде ірі көлемде апиын алып өтуге әрекет жасаған Ресей азаматы ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде ірі көлемде апиын алып өтуге әрекет жасаған Ресей азаматы ұсталды

Семейде ірі көлемде апиын алып өтуге әрекет жасаған Ресей азаматы ұсталды

Семейлік кеденшілер 20 килодан астам есірткі заттарын алып өтуге әрекет жасаған Ресей азаматын ұстады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Семей" кеденінің бастығы Қайрат Бөкішев хабарлады.

  • 16 Ақпан 2005
  • 370
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, қылмыскер «Ауыл» кеден бекетінде ұсталған. Ол мінген жеңіл автокөліктің жанармай құятын багынан құпия қойма табылып, одан ықтиятты буып-түйіліп, скотчпен оралған қағаз бумалар шықты. Бумаларда салмағы 20 кило 494 грамм болатын шикі апиын бар екен. Қ.Бөкішевтің айтуынша, «қара базарда» мұндай есірткі 1,5 млн. теңгеден жоғары бағаланады.

Автокөлік иесі қамауға алынды. Ұсталған Ресей азаматы бұған дейін де есірткі тасымалдағаны үшін екі мәрте сотталған көрінеді. Тергеу кезінде ол автокөлікті жуырда ғана сатып алғанын және құпия қойма туралы ештеңе білмейтінін, табылған есірткіге ешбір қатысы жоқ екенін мәлімдеді.
Ұсталған адамның үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Перейти к новостям спорта