Мәжіліс сот сараптамасы туралы заңға енгізілетін түзетулерді мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс сот сараптамасы туралы заңға енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Мәжіліс сот сараптамасы туралы заңға енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Бүгін, 16-ақпанда өткен мәжілістің жалпы отырысында халық қалаулылары "Сот сараптамасы туралы" заңға өзгерістер енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 16 Ақпан 2005
  • 471
Фото - Caravan.kz

ҚР әділет министрінің орынбасары Ұбайдулла Стамқұловтың түсініктемесіне жүгінсек, «бұл құжат сот-сараптамалық қызметті тәуелсіз әрі обьективті жүргізу үшін заңнаманы жетілдіруді көздейді». Атап айтсақ, қазіргі қолданыстағы заңдарға сәйкес сарапшылар кәсіби шеберлік жөнінен емтихан тапсырумен бірге аттестациядан өтуге тиіс. Ал түзетулер жобасын жасаушылар болса, «сарапшыға кәсіби шеберлік жөніндегі емтиханнан өте сала бірден сот сараптамасын жүргізуге құқық беруді», аттестациялау шарасын бес жылда бір мәрте өткізіп тұруды ұсынып отыр.

Сот-медициналық сарапшыларды аттестациялау шарасын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органнан жасақталған комиссияға, ал сот сараптамасы орталығының сарапшыларын аттестациялауды әділет министрлігінің комиссиясына жүктеу ұсынылған.
Заң жобасы сенаттың талқысына жолданды.

Перейти к новостям спорта