Қорғаныс министрлігінде мемлекеттік сатып алу туралы ережелерді бұзу оқиғалары әшкереленді - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
0 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қорғаныс министрлігінде мемлекеттік сатып алу туралы ережелерді бұзу оқиғалары әшкереленді

Қорғаныс министрлігінде мемлекеттік сатып алу туралы ережелерді бұзу оқиғалары әшкереленді

ҚР қаржы министрлігінің қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу жөніндегі комитеті 2004-жылы Қазақстан қорғаныс министрлігінің іс-қызметінен мемлекеттік сатып алу шараларын жүзеге асыруда жол берілген бірқатар қылмыс-қайшылықтарды әшкереледі. Бұл туралы комитеттің 2004-жылғы жұмыс қорытындысы бойынша қаржы министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада айтылған,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 16 Ақпан 2005
  • 527
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, «күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, түрлі нысандар салу, жауынгерлерге азық-түлік сатып алу жұмыстарын мемлекеттік сатып алуда» Қорғаныс министрлігі тарапынан заң бұзуға жол берілгені белгілі болды. Жалған құжаттар жасауға қатысты 20 дерек әшкереленді. Соның салдарынан 487,6 млн. теңгеге бағаланған байқаулардың жеңімпаздары дұрыс анықталмаған. Мәселен, потенциалдық қызмет түрлерін сатушылардың байқауға өткізген құжаттары байқау комиссиясына тапсырылғаннан кейін барып заң талаптарына сәйкестендіріліп келген. Сонымен бірге мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шартына байқау өткізбестен және мемлекеттік сатып алу істерімен шұғылданатын уәкілетті мекемемен келіспестен қол қою деректеріне де жол берілген.

Қаржы министрлігінің мәліметіне сүйенсек, 2004-жылғы қаржылық бақылау қорытындысы бойынша комитет 6078 нысаннан 12,4 млрд. теңгенің қаржылық заң бұзу деректерін әшкереледі. 1,03 млрд. теңгенің мақсатсыз және заңсыз шығыны өтеліп, бюджетке 114 миллион теңгенің төлемдері аударылды, мақсатсыз жұмсалған 194,8 миллион теңге кері қайтарып алынды. 4376,4 млн. теңгенің 1073 материалы құқық қорғау мекемелеріне тапсырылды. Байқауларды ұйымдастырушыларға байқау қорытындысын қуатсыз ету және қайта қарау туралы 162 жазбаша талап жіберіліп, байқаудың қорытындысын қуатсыз ету, осындай байқаулардың нәтижесінде жүзеге асырылған сауда-саттық мәмілелердің күшін жою туралы сотқа 37 талап арыз берілді.

Перейти к новостям спорта