Конференцияға Қазақстан атынан Ұлыбританиядағы ҚР елшісі Ерлан Ыдырысов қатысты.
Тұсаукесер қонақтарының арасында энергетика секторы мен жетекші мұнай компанияларының, Ұлыбритания үкіметі мен іскерлік өкілдері бар.
Тұсаукесерге қатысқан домбырашы Асылбек Еңсепов өз репертуарындағы ең таңдаулы күйлерді орындады.
Сонымен бірге халықаралық мұнай апталығы барысында Е.Ыдырысов қатысушыларға Қазақстанның қазіргі даму жағдайы мен болашағы туралы, соның ішінде 2015-жылға дейінгі еліміздің индустриялық-инновациялық даму стратегиясы мен Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігін игеру барысы туралы таныстырды.