Өзбекстан Шардарадан Арнасай ойпатына жіберілетін су көлемін ұлғайтты - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстан Шардарадан Арнасай ойпатына жіберілетін су көлемін ұлғайтты

Өзбекстан Шардарадан Арнасай ойпатына жіберілетін су көлемін ұлғайтты

Мемлекетаралық мәмілеге сәйкес Өзбекстан Шардарадан Арнасай ойпатына жіберілетін су көлемін ұлғайтты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің су ресурстары комитетінің төрағасының орынбасары Нұрлан Атшабаров хабарлады.

  • 17 Ақпан 2005
  • 436
Фото - Caravan.kz

Н.Атшабаровтың хабарлауынша, кеше, 16-ақпанда Шардара мен Арнасай ойпаты арасындағы су алатын каналға қызмет көрсететін кәсіпорын су алу процессін реттеді. Соның салдарынан алынатын су көлемі секундына 400 текше метрге дейін азайған. Бірақ кешке қарай су мөлшері секундына 500 текше метрге дейін артты.

Сондай-ақ, келісімге сәйкес Қырғызстан Тоқтағұл су қоймасынан жіберілетін су көлемін секундына 600 текше метрге дейін азайтуға тиіс. Алайда бұл міндеттемені Бішкек әзірге орындамай отыр.
Н.Атшабаровтың хабарлауынша, қазіргі таңда Сырдарияның төменгі сағасына қарай жіберілетін су көлемі секундына 700 текше метрді құрайды. Көктемгі су тасқынына арнап су қоймасында артық көлем сақтау үшін жіберілетін суды арттыру қажет. Алайда бұл Қызылорда облысының аудандарына су астында қалу қаупін төндіреді.

Перейти к новостям спорта