Заң жобасын таныстырған ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетовтың түсініктемесіне жүгінсек, құжаттың мақсаты — лицензия беру жүйесін одан әрі жетілдіру болып табылады. Атап айтсақ, заң жобасы бойынша кәсіпкерлік іс-қызметтің 23 түрі мен 20 ішкі түрге міндетті лицензия беру тәртібін алып тастау ұсынылған. Осындай қызмет түрлерінің арасында адвокаттық қызметке байланыссыз ақылы заңгерлік қызмет көрсету, жиҺанкездерге қызмет көрсету, өлшем құралдарын тексеру, азаматтық әуе кемелерін қабылдау және шығару, азаматтық әуе кемелеріне қызмет көрсету, қол жүк пен жүктерді буып-түю тәрізді түрлер бар.
Лицензия беру туралы заңды Бүкіләлемдік сауда ұйымының келісіміне сәйкестендіру үшін негізгі лицензияға сәйкес белгілі бір қызметті жүзеге асырушы тұлғаларға үкімет тарапынан белгіленген тізімдегі жекелеген тауарларды импорттауға арналған лицензия келісім-шарттың саны мен мерзіміне шектеу қоймай-ақ жыл сайынғы импорт көлеміне қарай беріледі, деді Қ.Келімбетов.
Заң жобасы екінші оқылымға әзірлеу үшін сенаттың салалық комитетіне жолданды.