Қазақстан мен Үндістан "Солтүстік-Оңтүстік" көлік дәлізін дамытпақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Үндістан "Солтүстік-Оңтүстік" көлік дәлізін дамытпақшы

Қазақстан мен Үндістан "Солтүстік-Оңтүстік" көлік дәлізін дамытпақшы

Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың кеңеюі Қазақстан мен Үндістан арасындағы сенімді көлік қатынасын жөнге салуды талап етеді. Бұл туралы бүгін, 17-ақпанда премьер-министр Даниал Ахметов пен Қазақстанда жұмыс сапарымен жүрген Үндістан Республикасының мұнай және газ министрі Мани Шанкар Айардың кездесуінде айтылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 17 Ақпан 2005
  • 485
Фото - Caravan.kz

Кездесуге қатысушылар Қазақстан мен Үндістан арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың дамуына қанағаттанушылық білдірді, олардың жалпы пікірі бойынша экономиканың әр түрлі секторы айтарлықтай перспективаға ие. Атап айтқанда, мұнайгаз, машина жасау, фармацевтика салалары, сондай-ақ қорғаныс және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты дамытудың әр түрлі қырлары талқыланды.

Үндістан делегациясы басшысының айтуынша, Каспий жағалауындағы қазақстандық Ақтау портында мүмкіндіктерді кеңейтуде «Солтүстік-Оңтүстік» көлік дәлізін дамыту ең перспективалы бағыт болып табылады.
Өз кезегінде, Даниал Ахметовтың пікірінше, Индустриялық-инновациялық даму саласында Қазақстанның алдында тұрған міндет ретінде, соңғы жылдары жоғары технология саласында айтарлықтай табысқа қол жеткізген ел есебінде, Үндістан тәжірибесі ол үшін едәуір қызығушылық тудырады.
Қазақстан Үкіметінің басшысы сондай-ақ үнді жағынан М. Айар, қазақстандықтар тарпынан — Энергетика және минералдық ресурс министрі В. Школьник теңтөраға болып саналатын, Үкіметаралық қазақстандық-үнді бірлескен комиссиясының екі жақты ынтымақтастығын тереңдету және дамытудың маңызын атап өтті.

Перейти к новостям спорта