Шығыс Қазақстан облысында газбен дәнекерлеу жұмыстарының барысында екі адам жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында газбен дәнекерлеу жұмыстарының барысында екі адам жараланды

Шығыс Қазақстан облысында газбен дәнекерлеу жұмыстарының барысында екі адам жараланды

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Молодежный ауылында газбен дәнекерлеу жұмыстарының барысында екі жұмысшы күйікке шалдықты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 18 Ақпан 2005
  • 1036
Фото - Caravan.kz

Министрліктің ақпаратына сәйкес, қайғылы оқиға Өскемен құс фабрикасының қазандығында болған. Газбен дәнекерлеу жұмыстарының барысында көмір циклонының ішінде көмір тозаңының жарылысы болды. Соның салдарынан 32 жастағы өрт қауіпсіздігі қызметкері мен 36 жастағы дәнекерлеуші күйікке шалдығып, ауруханаға жеткізілді.

Министрліктің хабарлауынша, жарылыс салдарынан өрт шыққан жоқ, ғимарат конструкциясы бүлінген жоқ.

Перейти к новостям спорта