2005 жылдың қаңтар айында мұнай және газ конденсаты өндірісі 768 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 93 мың тоннаға артық. Мұнай өндіру көлемінің өсуі озық технологияларды қолданудың арқасында мүмкін болды.
2005 жылдың қаңтар айында «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС 222 мың тонна мұнай өңдеді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 25,1% артық. «ҚазМұнайГаз» ҰК ресурсынан 148 мың тонна мұнай жеткізілді. 2005 жылдың қаңтар айында мұнай өнімдері: жанармай — 42,3%, дизель отыны — 14,1%, мазут — 89,6% өсті.
2005 жылы 2 600 мың тонна мұнай өңделмек, оның 1 700 мың тоннасы «ҚазМұнайГаз» ҰК мұнайы болмақ.
2005 жылдың қаңтар айында «ҚазТрансОйл» АҚ жүйесі бойынша мұнай тасымалы 3 084 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 83 мың тоннаға көп.
2005 жылы 36 574 мың тонна мұнай тасымалдау жоспарланып отыр.
2005 жылдың қаңтар айында «Интергаз Орталық Азия» ЖАҚ магистральды құбыр желісімен 10,5 млрд. текше метр газ тасымалданды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,03 млрд. текше метрге аз. Себебі халықаралық транзит (Түркімен газы) көлемі азайды.
2005 жылы 116,7 млрд. текше метр газ тасымалдау жоспарланып отыр.
2005 жылдың қаңтар айында компания кірісі 36,9 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,8%-ке жоғары. 2005 жылы компанияға 495,9 млрд. теңге кіріс кіреді деп жоспарлануда.
Компания қарқынды инвестициялық саясат жүргізуде. 2005 жылдың қаңтар айында компания өз қаржысы есебінен 2,9 млрд. теңге, оның ішінде өндіріске 2,8 млрд. теңге инвестиция салды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,9 есеге көп. 2005 жылы компания түрлі жобаларға 95,8 млрд. теңге көлемінде қаржы салмақ.
2005 жылдың қаңтар айында «ҚазМұнайГаз» ҰК-на еншілес, бағынышты компаниялар Қазақстан Республикасының бюджетіне жалпы 7,9 млрд. теңгенің салығын құйды.