Шымкент мұнай өңдеу зауыты апат салдарынан жұмысын тоқтатты - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкент мұнай өңдеу зауыты апат салдарынан жұмысын тоқтатты

Шымкент мұнай өңдеу зауыты апат салдарынан жұмысын тоқтатты

Шымкенттегі PetroKazakhstan Oil Products мұнай өңдеу зауыты апат салдарынан жұмысын тоқтатты. Бұл туралы бүгін, 21-ақпанда "Қазақстан Республикасындағы мұнайгаз саласының дамуы" тақырыбына арналған үкіметтік сағатта ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 21 Ақпан 2005
  • 571
Фото - Caravan.kz

В.Школьниктің айтуынша, «жұмысты тоқтатуға өндіріс сүзгіштерінің бітеліп қалуы себепкер болған». Министрдің айтуына қарағанда, «зауыт жартылай ғана жұмыс істеп тұр, апат орнында министрліктің төрт маманы жөндеу жұмыстарының барысын қадағалауда».

Ақау алдағы төрт күнде реттеліп, «зауыт 25-ақпанда бұрынғы тәртіп бойынша іске кіріседі»,- деді В.Школьник.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2004-жылы PetroKazakhstan Oil Products мұнай өңдеу зауыты 3,5 млн. тонна мұнай өңдеді.

Перейти к новостям спорта