Шанхай ынтымақтастық ұйымының шеңберінде энергетика саласындағы ынтымақтастық жөніндегі топ құрылады - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шанхай ынтымақтастық ұйымының шеңберінде энергетика саласындағы ынтымақтастық жөніндегі топ құрылады

Шанхай ынтымақтастық ұйымының шеңберінде энергетика саласындағы ынтымақтастық жөніндегі топ құрылады

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің сыртқы экономикалық қарым-қатынас және сауда министрліктерінің өкілдері Бішкекте өткен жұмыс бабындағы бас қосуда ұйым шеңберінде энергетика саласындағы ынтымақтастық жөніндегі топ құру туралы бастама көтерді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 21 Ақпан 2005
  • 557
Фото - Caravan.kz

KZ-today тілшісіне үкіметтің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, Бішкектегі келіссөздер Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің сыртқы экономикалық қарым-қатынас және сыртқы сауда министрліктері жетекшілерінің 2005-жылы Тәжікстанда өтетін кездесуіне дайындық шеңберінде өткізілді.

Жұмыс бабындағы кездесулер барысында тараптар екі жақты сауда-экономикалық байланыстарды оңтайландыру, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің үкімет басшыларының кеңесі 2004-жылғы қыркүйек айында Пекинде бекіткен ұзақ мерзімді ынтымақтастық бағдарламасын орындау шараларының жоспарын жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның қатысуымен 2001-жылы маусым айында Шанхайда құрылған. Соңыра бұл ұйымға Өзбекстан да мүшелікке өтті. Осы уақыт ішінде Шанхай ынтымақтастық ұйымы хатшылығының араласуымен бірлескен жеті жұмыс тобы құрылды. Атап айтсақ, қазір даму қоры мен іскерлік кеңес құру жөніндегі, көлік әлеуеті мен кедендік ынтымақтастықты құру дамыту жөніндегі, инвестиция тартуға ықпал жасау жөніндегі, электрондық сауда-саттық туралы жұмыс топтары мен стандарттарды біріздендіру жөніндегі бас инспекция жұмыс істеуде.

Перейти к новостям спорта