PetroKazakhstan тұқым себу науқанына арнап арзан жанар-жағармай сатудан бас тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
PetroKazakhstan тұқым себу науқанына арнап арзан жанар-жағармай сатудан бас тартты

PetroKazakhstan тұқым себу науқанына арнап арзан жанар-жағармай сатудан бас тартты

PetroKazakhstan Oil Products мұнай өңдеу зауыты тұқым себу науқанына орай ішкі рынокқа арзан жанар-жағармай шығарудан бас тартты. Бұл туралы бүгін, 21-ақпанда "Қазақстан Республикасындағы мұнайгаз саласының дамуы" тақырыбына арналған үкіметтік сағатта ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 21 Ақпан 2005
  • 427
Фото - Caravan.kz

«PetroKazakhstan Oil Products биыл біздің өтінішімізді қабылдаудан бас тартты»,- деді энергетика және минералды ресурстар министрі. В.Школьниктің хабарлауынша, «кәсіпорынға мұнай өнімдерін арзан бағаға шетелдерге сату тәрізді бірқатар ескертулер жасалып отыр». PetroKazakhstan Oil Products мұнай өңдеу зауыты жұмыстарды ашық жүргізуі қажет, деді министр.

Оның айтуынша, арзан жанар-жағармай сату туралы келісімге әзірге Павлодар мұнай өңдеу зауыты қол қойған жоқ. «Зауыт басшылығы қазір директорлар кеңесімен келісімге келуде. Сол себепті бұл қиындық алдағы 10 күнде шешіледі деп сенеміз»,- деді министр. ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігі Павлодар мұнай өңдеу зауытымен келіссөздер барысында «бұған дейін бекітілген 142 мың тоннаның орнына тағы да қосымша 120 мың тонна арзандатылған жанар-жағармай беру туралы мәмілеге қол жеткізбекші».
В.Школьиктің айтуынша, қазіргі жағдаймен арзандатылған жанар-жағармай беру туралы келісімге «ТорғайПетролеум» ЖАҚ, «ҚазМұнаГаз ҰК»АҚ мен «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қол қойды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2005-жылғы тұқым себу науқанын жүзеге асыру үшін дихандарға 330 мың тонна арзандатылған дизельдік отын беру көзделген. Жанар-жағармайды былтырғы бағаға, басқаша айтқанда, тоннасын 21 мың теңгеге сату межеленген.
2004-жылы еліміздегі үш мұнай өңдеу зауыты көктемгі және күзгі егістік жұмыстарына орай республиканың ішкі рыногына 697 мың 380 тонна арзан дизельдік отын шығарды.

Перейти к новостям спорта