Халықаралық CDC ұйымы Алматыда менингит пен қызылшаның таралу себептерін тексерді - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халықаралық CDC ұйымы Алматыда менингит пен қызылшаның таралу себептерін тексерді

Халықаралық CDC ұйымы Алматыда менингит пен қызылшаның таралу себептерін тексерді

Халықаралық CDC медицина ұйымы ("Орталық Азиядағы жұқпалы ауруларды зерттеу жөніндегі орталық кеңсе" ) Алматыда менингит пен қызылшаның таралу себептерін тексеруді аяқтады. Бұл туралы қалалық СЭС-тің санитарлық-эпидемилогиялық бөлімінің меңгерушісі Елена Лавлинская мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 21 Ақпан 2005
  • 628
Фото - Caravan.kz

Бұл баяндама СЭС-тің жұмысына арналып ертең, 22-ақпанда Алматыда өтетін қорытынды кеңесте жария етіледі, деп хабарлайды Е.Лавлинская. Кеңесте сонымен қатар 2004-жылғы санитарлық-эпидемилогиялық ахуал, жүзеге асырылған шаралардың жағдайы мен 2005-жылғы міндеттер талқыланады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2004-жылдың қазан айы мен 2005-жылдың ақпаны аралығында Алматыда қызылшаға шалдығу оқиғасы 2 мың мәрте тіркелді. Осы мерзімде 150 мың адамға вакцина егілді. Қазір елімізде қызылша мен қызамыққа қарсы ұлттық вакцина егу шарасы басталды. Ол 2005-жылдың 7-наурызына дейін жалғасады.
Республикалық СЭС-тің мәліметі бойынша, жаз бойы Алматыда менингитке шалдығу оқиғасы 772 мәрте тіркелді. Бұл дертке көбінесе 7-14 жас аралығындағы балалар шалдықты. Жалпы алғанда 2004-жылы еліміз бойынша менингиттің түрлі формаларына ұшырауға қатысты 911 дерек тіркелген. Алматымен бірге менингит індетінің ірі ошағы Шығыс Қазақстан (52 адам), Қарағанды (23 адам), Павлодарда (10 адам) анықталды.

Перейти к новостям спорта