Қазақстан мен Қытай сот биліктері арасындағы ынтымақтастықты дамытуда - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Қытай сот биліктері арасындағы ынтымақтастықты дамытуда

Қазақстан мен Қытай сот биліктері арасындағы ынтымақтастықты дамытуда

ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәми басқарған топ Қытайдың Гонконг Арнайы әкімшілік ауданына сапармен барып қайтты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 21 Ақпан 2005
  • 517
Фото - Caravan.kz

Жоғарғы сот төрағасы Гонконгтың Әділет министрі Элси Леунгпен, Соңғы сатылы сот төрағасы Эндрю Лимен және Жоғарғы сот төрағасы Джастис Мамен кездесті.

Келіссөз барысында өзара мүдделі мәселелер бойынша пікір алысылып, екі ел сот жүйелері арасындағы ынтымақтастықты дамытудың бағыт-бағдары белгіленді. Қазақстан делегациясы арнайы қонақ ретінде Гонконгте Заң жылының ашылу рәсіміне қатысты. Делегация мүшелері сондай-ақ, Гонконг арнайы әкімшілік ауданының парламентінде, технологиялық және аймақтық соттарда болды. Түзету мекемелері департаментінің жұмысымен танысты.

Перейти к новостям спорта