Қырғызстан Тоқтағұл су қоймасынан жіберілетін су көлемін ақпан айының аяғында азайтады - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан Тоқтағұл су қоймасынан жіберілетін су көлемін ақпан айының аяғында азайтады

Қырғызстан Тоқтағұл су қоймасынан жіберілетін су көлемін ақпан айының аяғында азайтады

Шардара су қоймасына жіберілетін су көлемін азайту үшін Қырғызстанның солтүстік бөлігінде ақпан айының аяғы мен наурыз айының ортасына дейін электр қуатын беру 20 процентке қысқартылады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Северэлектро" АҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 21 Ақпан 2005
  • 470
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, Бішкек, Чу және Талас облыстарының тұтынушыларына берілетін электр қуаты азайтылмақшы. Республиканың бұл өңірлері Тоқтағұл су электр станциясында өндірілген электр қуатын тұтынады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қырғызстанда күн райының шұғыл суытуына байланысты электр қуатын тұтыну мөлшері шұғыл артқан. Соған сәйкес Тоқтағұл су электр станциясынан жіберілетін су көлемі секундына 740 текше метрге дейін артты. Бұл Шардара қоймасындағы су көлемінің ернеуінен асу, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарындағы аумақтардың су астында қалу қаупін күшейтті. Осыған байланысты ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьниктің басқаруымен Бішкекте өткен келіссөздер нәтижесінде су көлемін 650 текше метрге дейін азайту туралы уағдаластыққа қол жетті.

Перейти к новостям спорта