Елші Иранның айлақ инфрақұрылымын салу, кедейлер мен жастарға арнап баспана салу, ипотекалық несиелендіру жүйесін енгізуде мол тәжірибе жинақтағанын атап өтті. Осыған байланысты Иран екі елдің аталмыш салалардағы тәжірибесі туралы талқылауға дайын.
Сондай-ақ министр Қазақстан кәсіпкерлерін Иран аумағында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырды.
ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, кездесу барысында министр Али Абдолализадедің 2005-жылғы наурыз айына белгіленген Қазақстан сапары туралы да сөз болды.