Үкімет Курчатовтағы техносаябақты дамыту жобасын мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет Курчатовтағы техносаябақты дамыту жобасын мақұлдады

Үкімет Курчатовтағы техносаябақты дамыту жобасын мақұлдады

Бүгін, 22-ақпанда өткен үкіметтің отырысында Курчатов қаласындағы "Ядролық технологиялар орталығы" техносаябағын дамыту жобасы мақұлданды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 22 Ақпан 2005
  • 354
Фото - Caravan.kz

Осындай шешім қабылдануға байланысты үкімет басшысы Даниал Ахметов үкіметке 2005-жылға арнлған республикалық бюджеттен техносаябақтың жобалық-сметалық құжаттарын жасауға 273 млн. теңге қарастыруды тапсырды. «Бұл жоба бізге технологиялық жоғарғы деңгейге көтерілуге мүмкіндік береді, сол себепті қандай да қиындыққа қарамастан, саябақ құру жобасын міндетті түрде биыл қаржыландыру қажет»,- деді үкімет басшысы.

ҚР энергетика және минералды ресурстр министрі Владимир Школьниктің отырыста хабарлауынша, жобада 2010-жылға дейін 10 млрд. теңгеге құрылыс және өндірістік нысандарды қаржыландыру, 12 млрд. теңгеге бұрынғы инфрақұрылымды қалпына келтіру мен жаңасын құруды қаржыландыру көзделген. Жоба 8 жылда, яғни, 2012-2013-жылға дейін өтеледі. Жоба бойынша салынады деп жоспарланған кейбір өндірістік қондырғылар 2008-жылы іске қосылады. «Демек, жоба тіпті жасалу барысында-ақ өз-өзін ақтай бастайды»,- деді В.Школьник. Оның хабарлауынша, 2016-жылы ақпараттық технологиялар саябағы 31 млн. доллар көлемінде пайда әкелуі тиіс.

Перейти к новостям спорта