Қаржы полициясының ақпаратына сәйкес, білім беру саласының шенеунігі бір жас маманнан 20 мың теңге пара талап еткен. Осындай сомаға ол жас мұғалім қызды Хромтау қаласындағы бір мектеп-гимназияға жұмысқа орналастырамын деп уәде берген.
Нәтижесінде мұғалім қыз экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің аудандық бөлімінен көмек сұрай келген. Сөйтіп ол таңбаланған ақшамен бопсалаушыға аттанады. Шұғыл іздестіру шараларының нәтижесінде облыстық қаржы полициясының қызметкерлері парақорды қолға түсірді.
Ұсталған шенеуніктің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің «пара алу жөніндегі» 311-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.