Мәжіліс Қазақстан мен Словакия арасындағы халықаралық автокөлік қатынасы туралы үкіметаралық келісімді бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс Қазақстан мен Словакия арасындағы халықаралық автокөлік қатынасы туралы үкіметаралық келісімді бекітті

Мәжіліс Қазақстан мен Словакия арасындағы халықаралық автокөлік қатынасы туралы үкіметаралық келісімді бекітті

Бүгін, 23-ақпанда өткен мәжілістің жалпы отырысында халық қалаулылары ҚР мен Словакия арасындағы халықаралық автокөлік қатынасы туралы үкіметаралық келісімді бекітуді мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 23 Ақпан 2005
  • 342
Фото - Caravan.kz

Аталмыш мәселе бойынша палата отырысында баяндама жасаған ҚР көлік және коммуникация министрінің орынбасары Ерлан Қошановтың айтуынша, келісімнің мақсаты — Қазақстан мен Словакия арасындағы халықаралық автокөлік қатынасы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға құқықтық негіз қалау, екі ел арасындағы автокөлікпен жүзеге асырылатын жүк тасымалы талаптарын жеңілдету болмақ. Келісім Қазақстан мен Словакия арасындағы

халықаралық автокөлік қатынасын аясында жүк және жолаушы тасымалын, осы аумақтар арқылы өтетін транзитті тасымалды, сондай-ақ, екі мемлекет аумағында тіркелген көлік құралдарымен үшінші ел арқылы жүк тасымалдауды реттейді.
Келісімге 2004-жылдың 31-мамырында Братиславада қол қойылған.
Заң жобасы сенаттың қарауына ұсынылды.

Перейти к новостям спорта