Астанада опат болған Отан қорғаушылардың рухына тағзым етілді - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада опат болған Отан қорғаушылардың рухына тағзым етілді

Астанада опат болған Отан қорғаушылардың рухына тағзым етілді

Бүгін, 23-ақпанда Астанада "Отан-Ана" ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне Қазақстандағы Ресей елшілігінің баспасөз қызметінен.

  • 23 Ақпан 2005
  • 508
Фото - Caravan.kz

Шараға Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Владимир Бабичев, Ресейдің әскери атташесі Владимир Южаков, ҚР Қорғаныс министрлігі штаб бастықтары комитетінің тәрбие және психологиялық жұмыстар департаментінің бастығы Болат Нәзіров, Әзербайжанның әскери атташесі Габил Мамедов пен Ресей елшілігінің қызметкерлері қатысты.

Баспасөз қызметінің хабарламасында атап көрсетілгеніндей, «Отан қорғаушылар күніне арналған шараның биыл Ұлы отан соғысындағы жеңістің 60 жылдық мерейтойын атап өту ауанында өткізіліп отыруымен ерекшеленеді». Осыған орай шараға қатысушылар Отан қорғаушылардың рухына тағзым етіп, еске алды.
Ал кешке Ресейдің ғылым және мәдениет орталығында Отан қорғаушылар күніне орай қонақасы беріледі.

Перейти к новостям спорта