Үкімет Көксарай су қоймасын салудың түрлі жолдарын қарастырды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет Көксарай су қоймасын салудың түрлі жолдарын қарастырды

Үкімет Көксарай су қоймасын салудың түрлі жолдарын қарастырды

Бүгін, 23-ақпанда үкіметте өткен кеңесте Сырдария өзенінің жағалауындағы жағдайды жақсартуға және көктемгі тасқын кезіндегі Шардара су қоймасына қатысты мәселелер сарапқа салынды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 23 Ақпан 2005
  • 485
Фото - Caravan.kz

Соның ішінде Көксарай су қоймасын салудың түрлі мүмкіндіктері, арнаны реттеу жұмыстарын жүзеге асыру, Сырдарияны бойлай су құрылғыларын салу жолдары қаралды.

Мамандардың пікірінше, Көксарай су қоймасын салу — Сырдарияның төменгі сағасындағы 280-300 мың гектар аумақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге бұл шара Қызылорда облысына жыл сайын қырсық боп шалдығатын қысқы су тасқынын болдырмауға және қыс маусымында су жіберу барысында қалыптасатын күрделі ахуалды жоюға мүмкіндік береді.
Үкімет басшысы министрліктер мен мекемелерге қалыптасқан ахуалға 10 күнде жан-жақты талдау жасап, тауқыметті шешудің ең тиімді жолдарын табуды тапсырды.

Перейти к новостям спорта