Қазақстан санаткерлік меншікке қатысты заңнаманы толықтыруда - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан санаткерлік меншікке қатысты заңнаманы толықтыруда

Қазақстан санаткерлік меншікке қатысты заңнаманы толықтыруда

Бүгін, 23-ақпанда өткен мәжілістің жалпы отырысында халық қалаулылары "Санаткерлік меншік мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 23 Ақпан 2005
  • 439
Фото - Caravan.kz

Заң жобасын палата отырысына таныстырған ҚР әділет министрінің орынбасары Жақып Асановтың айтуынша, бұл құжат Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүшелікке өтуіне дайындық жұмыстарының аясында жобаланды. Заңнамаларға енгізілетін түзетулер республикаға санаткерлік «қарақшылық» белең алған елдердің қара тізімі аталған «Арнаулы шолу — 301» атты (АҚШ-тың сауда-саттық туралы заңының құрамды бөлігі болып табылатын) бақылау тізімінен шығаруға мүмкіндік береді. Бұл санаткерлік «қарақшылық» белең алған елдерді анықтауға мүмкіндік беретін көрсеткіш-тізім. Тізімге енгізілген мемлекеттерде қарақшылықпен күрес шаралары осал деп танылады.

Заң жобасы бойынша Азаматтық Кодекстің жалпы бөліміне, Қылмыстық кодекске, Қылмыстық-процессуалдық кодекске, ҚР салық және басқа да бюджетке аударылатын міндетті төлемдер туралы Кодекс пен Бюджеттік кодекске өзгерістер енгізіледі. Сонымен бірге санаткерлік меншік құқығын қорғауды реттейтін басқа да бірқатар заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек.
Заң жобасы екінші оқылымға әзірлеу үшін салалық комитетке жолданды.

Перейти к новостям спорта