Ақтөбеде қалалық білім беру басқармасының бұрынғы бастығы сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде қалалық білім беру басқармасының бұрынғы бастығы сотталды

Ақтөбеде қалалық білім беру басқармасының бұрынғы бастығы сотталды

Ақтөбе қалалық соты білім беру басқармасының бұрынғы бастығы Марат Мыңжасаровты үш жылға шартты бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Ақтөбе облыстық экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінен хабарлады.

  • 23 Ақпан 2005
  • 621
Фото - Caravan.kz

Қаржы полициясының ақпаратына сәйкес, 2003-жылы қалалық білім беру басқармасының бастығы қызметін атқарып тұрған тұста М.Мыңжасаров облыс орталығында салынып жатқан №51 мектеп-гимназияға арнап 312 түрлі жабдықтар сатып алған. Бұл мақсатқа қалалық білім беру басқармасының есепшотынан 40 млн. теңге алынған.

Тексеру барысында белгілі болғанындай, басқарма мектепке арнап жабдық сатып алуға тендер өткізбеген. Сонымен бірге алынған жабдықтардың орташа нарқы құжаттарда көрсетілгеніндей 40 млн. теңге емес, 28 млн. теңге болып шыққан. Соның салдарынан жергілікті бюджетке 12 млн. теңгенің шығыны келді. Осыған байланысты М.Мыңжасаровтың үстінен билігі мен лауазымдық құқығын асыра пайдаланғаны үшін қылмыстық іс қозғалды.
Облыстық экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің ақпаратына сәйкес, М.Мыңжасаров шығынды толық өтеді.

Перейти к новостям спорта