Эйр Астана Шереметьево әуежайындағы қайғылы оқиғаны тергеу қорытындысы жайында түсініктеме беруден бас тартуда - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
0 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Эйр Астана Шереметьево әуежайындағы қайғылы оқиғаны тергеу қорытындысы жайында түсініктеме беруден бас тартуда

Эйр Астана Шереметьево әуежайындағы қайғылы оқиғаны тергеу қорытындысы жайында түсініктеме беруден бас тартуда

"Эйр Астана" ЖАҚ Шереметьево әуежайында болған қайғылы оқиғаны тергеу қорытындысы жайында түсініктеме беруден бас тартуда. Бұл туралы "Эйр Астана" ЖАҚ KZ-today ақпараттық агенттігінің ресми сауалдарына берген жауабында хабарлады.

  • 24 Ақпан 2005
  • 410
Фото - Caravan.kz

Құжатта атап көрсетілгеніндей, «әуе компаниясы тергеуге қатысты ақырғы баяндаманың көшірмесін әлі алған жоқ, соған сәйкес оның нәтижесі туралы түсініктеме бере алмайды».

Ал РФ Ространснадзор мекемесінің азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығын қадағалау басқармасының ақпаратына сәйкес, оқыс оқиғаны тергеу қорытындысына қатысты құжаттар әуе компаниясының өкілдеріне 2005-жылдың ақпан айының басында табыс етілген.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Эйр Астана» ЖАҚ-на қарасты ұшақтың қозғалтқышын тексеруге бағытталған жұмыстар барысында Мәскеудегі Шереметьево әуежайының инженерлік қызметінің технигі қаза тапты. Қайғылы оқиға 13-шілде күні түнгі сағат 4-те Боинг 737-700 ұшағын Мәскеу-Алматы бағытындағы сапарға дайындау барысында болған.
Техниктің қаза табу себептерін анықтау үшір арнайы комиссия құрылды. Комиссия құрамына Федералдық көлік бақылауы қызметінің, Мәскеу авиатранспорттық прокуратурасының, Шереметьево халықаралық әуежайының желілік ішкі істер басқармасының мамандары енді.
Комиссия бастапқыда көліктегі қауіпсіздік ережелін бұзу — оқыс оқиғаға басты себеп болуы мүмкін деген болжамға ден қойған.

Перейти к новостям спорта