ҚР Бас прокуратурасы бірқатар ұйымдарды лаңкестік ұйым деп тану туралы сотқа шағым түсірді - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
0 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Бас прокуратурасы бірқатар ұйымдарды лаңкестік ұйым деп тану туралы сотқа шағым түсірді

ҚР Бас прокуратурасы бірқатар ұйымдарды лаңкестік ұйым деп тану туралы сотқа шағым түсірді

Бүгін, 24-ақпанда Республиканың бас прокуроры Рашид Түсіпбеков "Асбат аль-Ансар", "Мұсылман бауырлар", "Талибан", "Боз гурд", "Орталық Азия моджахедтерінің жамааты", "Лашкар-и-Тайба" және "Әлеуметтік реформалар қоғамы" сынды бірқатар ұйымдарды лаңкестік ұйымдар деп танып, олардың Қазақстан аумағында жұмыс жүргізуіне тыйым салу туралы ҚР Жоғарғы сотына шағым түсірді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 24 Ақпан 2005
  • 492
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарламасында атап көрсетілгеніндей, бұл ұйымдар Ресей, АҚШ, Түркия, Өзбекстан, Пәкістан және басқа да елдерде лаңкестік ұйымдар деп танылған. Олардың кейбірін БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі лаңкестік ұйым деп танып, санкциялар қолдану үшін арнаулы тізімге енгізген. Сонымен бірге аталған ұйымдардың кейбірі Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше-елдердің аумағында іс-қызметіне тыйым салынған лаңкестік, сепаратистік және экстремистік ұйымдардың тізімінде.

Перейти к новостям спорта