ҚазМұнайГаз "Жамбыл" учаскесі бойынша Кореялық компаниямен принциптер туралы келісімге қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
0 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚазМұнайГаз "Жамбыл" учаскесі бойынша Кореялық компаниямен принциптер туралы  келісімге қол қойды

ҚазМұнайГаз "Жамбыл" учаскесі бойынша Кореялық компаниямен принциптер туралы келісімге қол қойды

24-ақпанда Астанада "ҚазМұнайГаз ҰК" АҚ-ның президенті Ұзақбай Қарабалин мен Каспий теңізіндегі мұнай жобалары бойынша Кореялық консорциумға кіретін Корея Ұлттық мұнай корпорациясының президенті Ий Ок Су "Жамбыл" учаскесі бойынша Кореялық компаниямен принциптер туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "ҚазМұнайГаз ҰК" АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.

  • 25 Ақпан 2005
  • 377
Фото - Caravan.kz

Бұл құжат «Жамбыл» учаскесін барлау және игеру бойынша болашақ бірлескен жұмыстардың басты шарттарын айқындайды. Бұл келісімге қол қойылмас бұрын 2004-жылдың наурыз айында тараптар қол қойған өзара түсіністік туралы меморандум аясында «Жамбыл» учаскесін техникалық бағалау шарасы бірлесе жүзеге асырылды.

ҚазМұнайГаздың хабарлауынша, ұлттық компания бұл жобаға айрықша маңыз беріп отыр. Өйткені бұл Қазақстан мен Корея арасындағы кең көлемді ынтымақтастықтың бір құрамды бөлігі болып табылады.

Перейти к новостям спорта