Қырғызстан президенті Орталық Азия республикаларының одағын құру туралы бастаманы қолдайды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан президенті Орталық Азия республикаларының одағын құру туралы бастаманы қолдайды

Қырғызстан президенті Орталық Азия республикаларының одағын құру туралы бастаманы қолдайды

Қырғызстан президенті Асқар Ақаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жолдап, онда Орталық Азия республикаларының одағын құру туралы бастаманы қолдайтынын білдірді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қырғызстан СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 25 Ақпан 2005
  • 591
Фото - Caravan.kz

Хатта атап көрсетілгеніндей, Қырғызстан жалпы интеграциялық процестердің, соның ішінде Орталық Азия аймағындағы осындай талпыныстардың белсенді жақтаушысы.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2005-жылдың 18-ақпанында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған жолдауында Орталық Азия мемлекеттерінің одағын құру туралы бастама көтерген болатын. «Біз бос сөзден экономикалық тығыз ынтымақтастыққа нақты бетбұрыс жасап, ортақ рынок пен ортақ валютаға ден қоюымыз керек»,- деді Қазақстан президенті. Н.Назарбаевтың айтуынша, «Орталық Азия аймағындағы интеграция — тұрақтылыққа, ілгерілеушілікке, аймақтың экономикалық, әскери және саяси тәуелсіздігіне бастайтын сара жол болмақ». «Мұндай жақындық осы өңірде тұратын халықтардың қарапайым мүддесіне сай келеді»,- деді ол.

Перейти к новостям спорта