Елімізде мемлекеттік мекемелердің шешімдеріне қарсы шағымдар саны 30 процентке артты - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде мемлекеттік мекемелердің шешімдеріне қарсы шағымдар саны 30 процентке артты

Елімізде мемлекеттік мекемелердің шешімдеріне қарсы шағымдар саны 30 процентке артты

Қазақстан соттарында "мемлекеттік мекемелер мен лауазым иелерінің шешімдеріне қарсы шағымдар саны 30 процентке артты". Бүгін, 25-ақпанда 2004-жылғы жұмыс қорытындысы бойынша өткізілген ҚР Жоғарғы соты судьяларының кеңейтілген отырысында Қазақстан Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәми осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 25 Ақпан 2005
  • 404
Фото - Caravan.kz

«Егер 2003-жылы әкімшілік органдар мен лауазым иелерінің шешімдеріне қарсы 1644 шағым қаралса, 2004-жылы 2161 іс қаралды, немесе, көрсеткіш 30 процентке артты»,- деді Қ.Мәми.

Қ.Мәмидің айтуынша, 2004-жылы соттар мемлекеттік мекемелер мен лауазым иелеріне қатысты беті ашылған деректерге байланысты 5 мыңға жуық жеке қаулы шығарды. «Алайда жеке қаулылардың тиімділігі көп жағдайда олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге байланысты»,- деді ол. Осыған байланысты Қ.Мәми «жеке қаулылардың көшірмелерін міндетті түрде прокуратураға жолдау тәртібін енгізу қажет деп санайды». Оның пікірінше, бұл «белгілі бір мекеменің жұмысындағы қайшылықтарды жоюға түрткі болумен бірге, соттар мен прокуратуралардың әділетілікті қамтамасыз етуге бағытталған әрекетерді күшейтуге жол ашады».

Перейти к новостям спорта