Алматыда есірткі сақтағаны үшін Украина азаматы ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 473.13
  • 554.08
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда есірткі сақтағаны үшін Украина азаматы ұсталды

Алматыда есірткі сақтағаны үшін Украина азаматы ұсталды

Алматы қалалық полициясы есірткі сақтағаны үшін Украина азаматын ұстады. Бұл туралы бүгін, 25-ақпанда ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 25 Ақпан 2005
  • 401
Фото - Caravan.kz

Полицияның ақпаратына сәйкес, күдіктіні Алматы қалалық ІІББ-ның есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкерлері тұтқындады. Бір кило героин оның қол сөмкесінен шыққан.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сондай-ақ, ІІББ-ның қылмыстық полициясы мен көліктегі желілік ішкі істер басқармасының қызметкерлері Алматы-1 темір жол бекетінде Қарағанды тұрғынын ұстады. Одан тау-кен жұмыстарында пайдаланылатын жарылғыш зат — аммониттің 20 килосы тәркіленді.