Үкімет басшысы Семейді жылумен қамтамасыз етуші нысандарды аралады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысы Семейді жылумен қамтамасыз етуші нысандарды аралады

Үкімет басшысы Семейді жылумен қамтамасыз етуші нысандарды аралады

Бүгін, 25-ақпанда Семейге келген үкімет басшысы Даниал Ахметов қаланы жылумен қамтамасыз етуші нысандарды аралады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 25 Ақпан 2005
  • 403
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, үкімет басшысы 1-Жылу электр орталығы, қалалық 1-қазандық пен 14-ықшамаудандағы қазандықтарда болды.

Қала әкімі Нұрлан Омаров үкімет басшысына «биылғы аяз қазандықтардың жұмысында біршама қиындықтар туғызғанын» хабарлады. «Алайда оларды біз дер кезінде арылтып, қаланы жылудан құралақан қалдырмауға тырыстық»,- деді әкім. Д.Ахметов бұл уәжге таңданыс білдірді. «Бұны мен ерлік деп санамаймын. Бұл -сайып келгенде сіздердің жұмыстарыңыз»,- деді үкімет басшысы.
Д.Ахметов сондай-ақ қаланы жылумен қамтамасыз ету жүйесін жаңалау жөніндегі жаңа нобаймен танысты.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Семейде 50 қазандық жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі 25 жылдан астам жұмыс істеген. Жылу желілерінің тозығы жету көрсеткіші 40-70 процент төңірегінде. Жылумен қамтамасыз ету жүйесін жаңалау жұмыстары наурыз айының аяғында басталады. Шағын қазандықтар жабылып, қалғандары жаңа нобайға сәйкес бірнеше энергетикалық ауданға шоғырланады. Жобаның бірінші кезеңін жүзеге асыруға 19,5 млн. теңге жұмсалады.