«Қазіргі саясаткерлердің арасынан Жолдаудан әлдеқайда қуатты сайлауалды тұғырнамасын ұсына алатын жан табыла қояр ма екен»,- деп пайымдайды ол.
Елбасының жолдауында «Отан» партиясының 2004-жылғы парламент сайлауына дайындық барысында жария етілген басты межелер көрініс тауып, «қоғамдағы барша әлеуметтік топтардың мүддесі ескерілген»,- деді А.Павлов.
«Отан» партиясы төрағасының орынбасары Амангелді Ермегияевтің хабарлауынша, қазір партия штабы жолдау мақсаттарын жүзеге асыру үшін партияның 2009-жылға дейінгі іс-шаралар жоспарын әзірлеуде. Қазіргі жағдаймен әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік саладағы шаралар жоспары жасалып, саяси реформаларға және жастар саясатына қатысты ұсыныстар әзірленді. Мәдениет пен өнерді дамыту тұжырымдамасының жобасы жасалуда.
Партияның іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2009-жылға дейін денсаулық сақтау мен білім беру салаларына жұмсалатын шығындар мөлшері Жалпы ішкі өнімнің 4 және 5 процентіне дейін өсуге тиіс. Бұл аталмыш салалардағы жалақы мөлшерін 2,5-3 есе өсіруге мүмкіндік береді. Барлық көздерден берілетін зейнетақы мөлшері республика көлеміндегі орташажалақының 60 проценті деңгейіне жеткізіледі. Студенттердің шәкіртақысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейін ұлғайтылады. Сондай-ақ, жас отбасыларға жеңілдетілген өсіммен баспанаға несие беру, аналар мен балаларды қолдау қаржысын арттыру көзделіп отыр.