Астана қалалық әкімшілігіне ипотекалық несие алуға 2 мыңдай өтініш келіп түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 473.13
  • 554.08
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана қалалық әкімшілігіне ипотекалық несие алуға 2 мыңдай өтініш келіп түсті

Астана қалалық әкімшілігіне ипотекалық несие алуға 2 мыңдай өтініш келіп түсті

28-ақпандағы жағдаймен Астана қалалық әкімшілігіне мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының аясында ипотекалық несие алуға 2 мыңдай өтініш келіп түсті. Бұл туралы бүгін, Астанада өткен баспасөз мәслихатында қала әкімінің орынбасары Асылжан Мамытбеков құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 28 Ақпан 2005
  • 483
Фото - Caravan.kz

А.Мамытбековтың айтуынша, мемлекеттік бағдарлама аясында «Альянсстройинвест» ЖШС салып жатқан тұрғын үй кешенінің бірінші кезегі бойынша алғашқы нысан 2005-жылдың шілде айында пайдалануға беріледі деп межеленген.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Есілдің сол жағалауында салынып жатқан «Альянсстройинвест» ЖШС тұрғын үй кешені үш ғимараттан тұрады. Кешен 2005-жылдың желтоқсан айында толық пайдалануға берілуі тиіс. Кешен шеңберінде жылпы аумағы 50 мың шаршы метрді құрайтын 1 мың пәтер салынады.