Алматы облысында автокөлік пен поездың соғысуы салдарынан бір адам қаза тауып, екі адам жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 473.13
  • 554.08
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында автокөлік пен поездың соғысуы салдарынан бір адам қаза тауып, екі адам жараланды

Алматы облысында автокөлік пен поездың соғысуы салдарынан бір адам қаза тауып, екі адам жараланды

Алматы облысында автокөлік пен жүк таситын поездың соғысуы салдарынан бір адам қаза тауып, екі адам жараланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 1 Наурыз 2005
  • 379
Фото - Caravan.kz

Апат Іле ауданында Төңкеріс-Байсерке-Междуреченск автожолының 18-шақырымында болған. Теміржол өткелегінде «Мерседес» автокөлігінің жүргізушісі жүк поезымен соқтығысып қалды. Апат салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы ауруханаға жеткізілді. Соңынан жолаушы әйел жарақат салдарынан қайтыс болды.