Ақтөбе облысында табиғат қорғау шараларына 750 млн. теңге бөлінеді - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында табиғат қорғау шараларына 750 млн. теңге бөлінеді

Ақтөбе облысында табиғат қорғау шараларына 750 млн. теңге бөлінеді

Ақтөбе облысында 2005-жылы табиғат қорғау шараларына 776,7 млн. теңге бөлінеді, оның 392,6 млн. теңгесі жергілікті бюджеттен шығарылмақшы. Бұған дейінгі жылдармен салыстырғанда табиғат қорғау шараларын қаржыландыру көлемі 10 еседей өспек. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық табиғи ресурстар мен табиғат қорғауды реттеу департаментінен хабарлады.

  • 1 Наурыз 2005
  • 1056
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, Елек өзеніндегі қорғаныс білікті салуға 27,5 млн. теңге жұмсау көзделіп отыр. Департамент төрағасы Жақсығали Иманқұловтың айтуынша, бұл білік өзенді бор және алты валентті хромнан ластанудан қорғайды. Ал Ақтөбе қаласындағы тазарту қондырғыларын жаңалауға 264 млн. теңге жұмсалады.

Ж.Иманқұловтың айтуынша, Ақтөбе облысында минералды-шикізатты өңдеу саласында жер қойнауын пайдаланушы 78 компания жұмыс істейді. Алайда, талдау қорытындысы көрсеткендей, олардың кейбірі «өздеріне сеніп тапсырылған учаскелерді тиімді пайдаланбай, қоршаған ортаға орасан экологиялық шығын әкелуде». Ал заң бұзушыларға қатысты қолданылған айыппұл шаралары әрдайым тиімді бола бермейді, дейді Ж.Иманқұлов. Мәселен, 2004-жылы берілген ескертулердің небәрі 67 проценті мен талап-хаттардың 89 проценті ғана орындалған.
Жалпы алғанда былтыр облыста табиғат қорғау заңын бұзуға қатысты 2 мың дерек әшкереленіп, 10 іс прокуратура мекемелеріне тапсырылған. 42,8 млн. теңгенің айыппұлы өндіріп алынды.

Перейти к новостям спорта