Таразда орталық гастроном ғимаратында өрт шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда орталық гастроном ғимаратында өрт шықты

Таразда орталық гастроном ғимаратында өрт шықты

1-наурыз күні таңертең Тараздағы орталық гастроном ғимаратында өрт шықты,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 1 Наурыз 2005
  • 497
Фото - Caravan.kz

Дүкенде өрт шыққаны туралы ақпарат таңғы сағат 5-те келіп түскен. Жалын 200 шаршы метр аумақты шарпыды. Қалалық өртке қарсы күрес қызметінің өрт сөндірушілері өртті 40 минутта ауыздықтады. Тараз қалалық мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің ақпаратына сәйкес, өрттің себебі мен шығын көлемі анықталып жатыр.

Орталық гастрономнан орын жалдаушы кәсіпкерлердің айтуынша, олар 11,5 млн. теңгенің шығынына ұшыраған.

Перейти к новостям спорта