ЛА 155/17 қоныс-колониясы Талдықорғанға көшірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 473.13
  • 554.08
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЛА 155/17 қоныс-колониясы Талдықорғанға көшірілді

ЛА 155/17 қоныс-колониясы Талдықорғанға көшірілді

ҚР әділет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты ЛА 155/17 қоныс-колониясы Талдықорғанға көшірілді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне қоныс-колонияның бастығы Ернат Ақылжанов хабарлады. Бұған дейін бұл түзету мекемесі Қарасай ауданының Ерменсай ауылында орналасқан еді.

  • 1 Наурыз 2005
  • 659
Фото - Caravan.kz

Қазіргі жағдаймен қоныс-колония қызметкерлерінен 39 адам мен сотталған 52 адам облыс орталығына көшті.

Қоныс — колония Талдықорғандағы бұрынғы бір кәсіпорынның әкімшілік ғимаратына жайғасты. 7 жылдан бері коммуникациялық желіден ажыратып тасталған бұл ғимаратта қазір қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бұдан былай колония Алматы облысы Талдықорған өңірінің тумаларынан 200-ге дейін сотталған адамды қабылдай алады.