Алматы облысында "Шенеунік пен кәсіпкер" атты шараның қорытындысы шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 476.97
  • 562.59
+5 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында "Шенеунік пен кәсіпкер" атты шараның қорытындысы шығарылды

Алматы облысында "Шенеунік пен кәсіпкер" атты шараның қорытындысы шығарылды

Талдықорғандағы Алматы облыстық прокуратурасында дөңгелек үстел өткізіліп, онда "Шенеунік пен кәсіпкер" атты шараның қорытындысы шығарылды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Талдықорғаннан.

  • 1 Наурыз 2005
  • 368
Фото - Caravan.kz

Шара барысында облыстық прокуратура заң бұзу көрінісін жою туралы 12 талап хат жолдап, шаруашылық субьектілерін тексеру тәртібін бұзуға байланысты 4 әкімшілік, 3 тәртіптік іс қозғалды. Сондай-ақ, прокуратураға кәсіпкерлерден шенеуніктердің әрекетіне қатысты 17 арыз келіп түсті.

Мәселен, 21-ақпанда Қазақстан кәсіпкерлерінің тәуелсіз қауымдастығының шағымы бойынша Жамбыл ауданындағы «Рефиз» ЖШС-нің есепшілік құжаттарын заңсыз тәркілеп алған қаржы полициясы инспекторының үстінен тәртіптік іс қозғалды. Беті ашылған бұдан басқа да заң бұзушылық әрекеттерінің арасында қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері тарапынан қозғалған қылмыстық істерге қатысы жоқ есепшілік құжаттарды заңсыз тәркілеп алу деректері бар.
Прокурорлық тексерулер нәтижесіне сәйкес, Алматы облыстық әкімшілігі 15-ақпанда тасымалдаушылардың құқығын бұзып келген «Көлік департаменті» атты мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынды таратты.