СІМ-нің хабарламасында атап көрсетілгеніндей, БҰҰ Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауында айтылған Орталық Азия елдерінің одағын құру туралы бастаманы айрықша қызығушылықпен қабылдады. «Мемлекеттердің аймақтық келісімдерге бірігуі — олардың артықша тиімді экономикалық дамуына және ХХІ ғасырдағы жаңаша қауіп-қатерлерге қасқая қарсы тұруға септігін тигізеді»,- делінген хабарламада.
БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың интеграциялық процестерді пәрмендендіруге және Еуразия кеңістігіндегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіне қосқан өлшеусіз үлесін атап өтті.
К.Преднергаст мырзаның айтуынша, БҰҰ-ның басшылығы Орталық Азия аймағының барған сайын арта түскен роліне айрықша маңыз берумен бірге бұл өңірдің халықаралық саяси және экономикалық байланыстар жүйесіне табысты интеграциялануына жан-жақты қолдау көрсететін болады.